Біріккен сөздердiң емлесi

1.Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: Өнеркәсіп, шикізат, куншығыс т.б.
2. Біріккен сөздердің жазылу үлгісі екі түрлі болады:
а) біріккен сөздердің сыңарлары түбір тұлғасы сақталып, бірге жазылады. Мысалы: ақсақал, Мырзашөл, Кенжебек, Оқжетпес т.б.
ә) түбір түлғалары дыбыстық өзгеріске ұшыраған кейбір біріккен сөздер дәстүр бойынша айтылуынша жазылады. Мысалы: бүрсігүні, қолғанат, қонағасы т.б.
3. Әлде, әр, бір, еш, кей сөздері өзді-өзімен, өзге сөздермен бірге де, бөлек те жазылады:
а) әлде. әр, бір, еш, кей сөздері есімдіктермен тіркескенде бірге жазылады. Мысалы: ешбір, ешкім, ешқашан, қайсыбір, әлдекім, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдебір, әрбір, т.б.
ә) әлде, бір, әр, еш, кей сөздері зат есімдердің анықтауышы ретінде қолданылғанда, анықталатын сөзден бөлек жазылады. Мысалы, еш адам, бір адам, кей адам, әр адам, әлде шөп, әлде мал т.б.

Похожие файлы

Комментарии

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.

Регистрация Вход